«Жетысу» Қазақстан Премьер-лигасының 15-турында «Қайсарды» 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Талдықорғандықтар сапында Аслан Дарабаев, Дэвид Мавутор және Абай Жақсылықовтар мергендік танытса, қызылордалық «қасқырлар» Элвин Фортестің соққан голы арқасында есепті сәл қысқартты.

ҚПЛ. 15-тур.

«Жетісу» «Қайсар» 3:1 (1:0)

Гол соққандар: Дарабаев 29, Мавутор 71, Жақсылықов 80 – Фортес 48

Соғылмаған пенальти: Федин 54 (Қ)

Алаңнан қуылды: Колев 41 (Қ)

26 қазан. Алматы. Т. Сегізбаев атындағы академия.