Футболдан Қазақстан чемпионатының 15-турының «Жетісу» мен «Қайсар» арасындағы матч қарсаңында Талдықорған мен Қызылорда клубтарының жеке кездесулерінің статистикасын еске түсіреміз.

Ендігі матч екі команда арасындағы 42-ші кездесу болады. Қарсыластар бір-бірің 17 рет жеңген, тағы 7 кездесу тең аяқталған.

22 тамызда өткен ойында 0:1 есебімен Дмитрий Огай командасы жеңілген.

Естеріңізге сала кетейік, «Жетісу» - «Қайсар» клубтары арасындағы футболдан Қазақстан чемпионатының 15-тур матчы Тимур Сегізбаев атындағы академияның алаңында өтеді. Елордалық төреші Геогрий Чеховскийдің алғашқы ысқырығы Нұр-Сұлтан уақытымен 13:00-де шалынады.