Кеше ағылшын Премьер-лигасының 6-туры аясында «Арсенал» мен «Лестер» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Лестер» бұл ойында 0:1 есебімен жеңді. Матчтағы жалғыз голды Англия құрамасының шабуылшысы Джейми Варди соқты.

Осы ойыннан кейін «зеңбірекшілер» 10-сатыға төмендеді, ал «Лестер» төртінші орынға көтерілді.