Қазақстандық боксшы Абылайхан Құсайынов Bushido Qazaqstan турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматыда Құсайынов (12-0, 8 КО) ресейлік Руслан Берчукпен (13-13) кездескен. 64 келіге дейінгі салмақтағы жекпе-жек жоспарланған алты раундқа созылып, Құсайынов төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Bushido Qazaqstan турниріндегі бокс жекпе-жектерін Dream Boxing ұйымдастырған. Bushido Qazaqstan жекпе-жектер кешінің серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.