Қазақстан құрамасы маунтинбайк-марафон бойынша өтетін әлем чемпионатына қатысады.

24-25 қазанда үркияның Сакарья аймағында өтетін дүниежүзілік бәсекеге ел құрамасынан үш спортшы жарысқа шығады.

Аталған жарыста Шәкір Адилов, Темірлан Мұхамедьянов және Денис Сергиенко ел намысын қорғайтын болады. Әлем чемпионатына 29 елден 100-ден астам спортшы қатысады.

Айта кетерлігі, марафонда әйелдер 80,9 км, ерлер 110 км қашықтық бойынша өзара мықтыны анықтайды.