ҚХЛ баспасөз қызметі финляндиялық «Йокерит» ойыншыларының коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жолдан оралғаннан кейін «Йокерит» хоккейшілері тестілеуден өтті. Команданың төрт мүшесінің сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Сапардағы команданың қалған мүшелері жергілікті өзін-өзі басқару ережелеріне сәйкес карантинге алынды.

Лига сәйкесінше, 26 және 28 қазандағы №237 «Йокерит» - «Автомобилист» және №246 «Йокерит» - «Витязь» матчтарын өткізбеу туралы шешім қабылдады.

Лига осы матчтар бойынша шешімдер туралы қосымша хабарлайды», - делінген лига сайтында.

Естеріңізге сала кетейік, «Йокеритт» соңғы матчын астаналық «Барысқа» қарсы өткізген еді.