Бүгін, 22 қазанда «Астана» баскетболшылары ВТБ Бірегей лигасы тұрақты маусымы аясында сырт алаңда «Автодор» командасымен кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

Елордалық команда чемпионат аясында үш матч өткізді. Алғашқы екі ойында жеңіліп, (УНИКС 83:101 және ЦСКА 60:93), үшінші кездесуде жеңіске жетті («Химки» 89:88). «Астана» қазір турнирлік кестеде 9-орында тұр.

Ал «Автодор» екі матч өткізіп, екеуі де жеңіліс тапты («Парма» 70:93, ЦСКА 66:100). Олар турнирлік кестеде соңғы орында тұр.

2019 жылы маусымда өткен екі ойында қос команда бір-бір реттен жеңіске жетті. Алдымен қазақстандық клуб (88:64), содан кейін ресейлік (85:90) клуб қарсыласынан басым болды.

«Автодор» - «Астана» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-да басталады. Ойынды TV Startтікелей эфирде көрсетеді.