Екінші аса жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Ержан Залилов кезекті жекпе-жегінің қашан өтетінінен хабардар болды, деп жазады Prosports.kz.

Беделді BoxRec порталы жерлесіміздің 7 қарашада Екатеринбургтегі RCC бокс академиясында ресейлік Евгений Ляшковпен жұдырықтасатыны туралы ақпарат таратты. Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған.

Еске сала кетелік, Залилов пен Ляшков 12 қыркүйекте кездесуі керек еді, бірақ коронавирус инфекциясының алдын-алу бойынша шектеу шараларына байланысты қазақстандықтың елден шығуы қиынға соқты.