«Қайрат» ФК баспасөз қызметі екі ойыншысының коронавирустан жазылып шыққаны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қайрат» футбол клубының медиа қызметі «сары-қара жейделілердің» барлық жанкүйеріне жағымды жаңалық жариялауға асығады. Футболшылар Нұралы Әліп пен Сұлтанбек Астанов осы аптада COVID-19 вирусына екі рет тест тапсырды, соның екеуі де теріс нәтиже көрсетті және олардың денсаулығы өте жақсы. Осылайша, ойыншылар жалпы топқа оралып, командамен жаттығуды қайта жалғастырады», - деп жазды баспасөз қызметі ресми сайтта.

Фотосурет көзі: «Қайрат» ФК