Үстел теннисінен неміс бундеслигасында сынға түсетін қазақстандық Кирилл Герасименко Werder сапында кезекті матчта жеңіске жетті.

Турнир кестесінің 9-шы сатысында келе жатқан «Вердер» «ТТС ОЕ» клубымен жолыққан болатын.

Кездесу нәтижесінде 3:1 есебімен бремендіктер жеңіске жетті. Ал Кирилл Герасименко қарсылас сапында сынға түскен Ресей чемпионы Лев Кацманды 3:1 есебімен ұтқан.

Осыдан соң, қазақстандық теннисшінің командасы 7-ші сатыға көтерілді.