УЕФА Таулы Қарабақтағы жағдайдың ушығуына байланысты Әзербайжан мен Арменияда матч өткізуге тиым салды.

Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы Әзербайжан мен Арменияда өтуі қажет болған УЕФА Ұлттар лигасы мен Еуропа лигасының матчтарын бейтарап елде өткізуге кеңес берді.

Айта кетейік, Әзербайжан мен Армения 1988 жылдан бері Таулы Қарабақ бойынша жанжалдасып келеді.