21 қазанда «Барыс» хоккей клубы ҚХЛ аясында өз алаңында «Йокерит» командасымен кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

Сырт алаңда өткен үш ойында да жеңіске жеткен («Салават Юлаев», «Спартак», «Ак Барс») елордалықтар бүгінгі ойынға көтеріңкі көңіл күймен шығады. Юрий Михайлис шәкірттері жеңісті сериясын жалғастыруға ниетті.

Бірақ қазақстандықтарға жеңіс оңайға келе қоймас. Себебі Хельсикнскиден (Финляндия) келген команда да қазақ жеріне ұпай жоғалту үшін келген жоқ.

«Барыс» – «Йокерит» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:20-да басталады. Ойынды мына сілтеме арқылы көруге болады.