Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Стамбулда өтіп жатқан Challenger сериялы турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жерлесіміз португалиялық Фредерик Сильваны 6:2, 7:6 есебімен жеңді.

Екі сағат тоғыз минутқа созылған матчта Попко үш рет қайталам қателік жіберді, допты өзі ойынға қосқан сәтте 44 ұпай жеңіп алды.