Қазақстандық файтер, бұрынғы M-1 Global чемпионы Сергей Морозов өзінің салмағы қанша екенін көрсетті, деп жазады Prosports.kz.

Спортшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында өлшеніп жатқан сәтінен видео жариялады. Отандасымыздың салмағы таразыда 145 фунтты (66 келі) көрсетті.

Айта кетейік, ресми салмақ өлшеу рәсімі 23 қазанда өтеді. Турнирдің өзі 24 қазанға жоспарланған.