Нұр-Сұлтан қаласында футзал клубы құрылады. Бұл туралы жергілікті әкімдік хабарлады.

Жаңадан құрылатын команда биыл Қазақстан Кубогы мен ел чемпионатына қатысады деп жоспарланып отыр. Клуб ел назарына 21 қазан күні таныстырылады.

Қазіргі уақытта Қазақстан чемпионатында 8 команда бақ сынайды.