Түркияның Сакария аймағында маунтинбайктен UCI MTB кезеңі аясында марафон аяқталды. Аталған жарыста қола жүлдегер атанған қазақстандық Шәкір Адилов жарысты қорытындылады.

- UCI MTB MARATHON SERIES додасында үздік үштікке ендім. Бұл бәсеке маған бәрінен де қиын соқты. 1.5-2 шақырым жүрген соң, велосипедті иығыңа асып алатын кездер де болды. Себебі, жарыс жолы өте ауыр. Сондықтан, велосипедпен жүрудің өзі оңай болған жоқ, - деген спортшы Instagram желісіндегі ресми парақшасында.