2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) кәсіпқой рингтегі келесі жекпе-жегіне дайындығын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазақ найзағайы» Инстаграм-парақшасында Майамидегі 5th St. Gym залының боксшысы Дэвид Агнес-Гонсалеспен спаррингі туралы қысқаша фото-есеп жариялады.

Еске салайық, Данияр Елеусінов кәсіпқой карьерасындағы оныншы жекпе-жегінде Голливудта (Флорида, АҚШ) жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы намибиялық Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекте жартылай орта салмақта бос тұрған IBF Inter-Continental титулы сарапқа салынады.

Данияр соңғы жекпе-жегін былтыр желтоқсанда өткізген болатын. Онда бесінші раундта ол америкалық Алан Санчесті (20-5-1, 10 КО) нокаутқа жіберген еді.

Фото instagram.com/yeleussinovdaniyar