19 қазанда Өскемен, Көкшетау, Нұр-Сұлтан, Павлодар және Петропавлда шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Pro Hokei Ligasy арнасы жүргізетін барлық кездесудің тікелей трансляциясын біздің сайттан көруге болады. Осы маусымдағы ұлттық чемпионаттың регламентіне сәйкес барлық ойын жергілікті уақыт бойынша 17:00-де басталады.

«Торпедо» (Өскемен) – «Снежные Барсы» (Нұр-Сұлтан)

«Арлан» (Көкшетау) – «Бейбарыс» (Атырау)

«Номад» (Нұр-Сұлтан) – «Алтай-Торпедо» (Өскемен)

«Ертіс» (Павлодар) – «Алматы» (Алматы)

«Құлагер» (Петропавл) – «Ақтөбе» (Ақтөбе)

Фото icehockey.kz