Португалия құрамасының футболшысы Криштиану Роналду аралас жекпе-жектен UFC-дің чемпионы Хабиб Нурмагомедовке сәттілік тіледі.

Instagram-парақшасында тікелей эфир өткізген футболшы ресейлік файтердің келесі жекпе-жегінде жеңіске жететініне сенетінін айтып, оған сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов 24 қазан күні Джастин Гэжиге қарсы жұдырықтасады.