«QAZSPORT» телеарнасы 17 қазаннан бастап Ресей премьер-лигасының матчтарын көрсетуді бастайды. Қазақстандық футболшылар ойнайтын клубтардың матчтары басты назарда болмақ.

Ресей чемпионатында 4 жерлесіміз өнер көрсетеді: Бахтиёр Зайнутдинов («ЦСКА»), Исламбек Қуат («Химки»), Акмаль Бахтияров («Сочи») және Марат Быстров («Ахмат»).