Жаттықтырушылар штабы оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады. Иван Азовский шәкірттерінің оқу-жаттығу жиыны ертең Талғарда басталады.

Қазақстан мен Сербия құрамалары арасындағы ойын Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінің аясында сырт алаңда өтеді. Кездесу 24 қазанға жоспарланған. Ойынды Стара-Пазова қаласы қабылдайды.

ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ:

Қақпашылар: Оксана Железняк («БИІК-Қазығұрт»), Ирина Сандалова («Хайаса», Армения), Назым Исмаилова («Оқжетпес»);

Қорғаушылар: Юлия Мясникова (ЦСКА, Ресей), Шохиста Ходжашева («Хаккаригючю Спор», Түркия), Зулейра Әбішева, Александра Бурова, Мария Демидова (барлығы - «БИІК-Қазығұрт»), Тоқжан Бекпенбет, Бибігүл Нұрышева, Құндыз Қожахмет (барлығы - «Оқжетпес»), Жанерке Перме, Камила Совет (екеуі де - ОБЖСОРМ №8);

Жартылай қорғаушылар: Бегайым Қырғызбаева, Анастасия Власова (екеуі де - «Оқжетпес), Әсел Тұрлыбекова, Адиля Вылданова, Камила Құлмағамбетова, Карина Жұмабайқызы (барлығы - «БИІК-Қазығұрт»);

Шабуылшылар: Сәуле Кәрібаева («БИІК-Қазығұрт»), Лейла Садықова («Оқжетпес»), Фаиза Исмаилова (ОБЖСОРМ №8).

Жаттықтырушылар штабы: Иван Азовский - бас бапкер, Орынбасар Дәуренбекова - бас бапкердің көмекшісі, Александр Убыкин - қақпашылардың жаттықтырушысы, Ахматхон Искандаров - дәрігер, Евгения Ларина - массажист, Данияр Әнес - менеджер, Николай Стриганов - бейнеоператор.

Қазақстан құрамасының негізгі құрамының бірнеше ойыншылары Сербиямен өтетін ойынға қатыса алмайды. «БИІК-Қазығұрт» командасында ойнайтын қорғаушы Екатерина Красюкова мен жартылай қорғаушы Светлана Бортникова жарақаттарын толық айыққан жоқ.

Ресейді «Зенит» командасында ойнайтын футболшы Аида Гайстенова да алдағы ойында ұлттық құрамаға көмектесе алмайды.

Украинаның «Жилстрой-2» командасында ойнайтын жартылай қорғаушы Ксения Хайрулина да пандемия салдарынан туындаған логистикалық қиындықтарға байланысты келе алмайды. Өткен ойында қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған Екатерина Бабшук те Сербиямен ойынға қатыспайды.