Қазақстандық файтер Сергей Морозов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізу үшін БАӘ еліне аттанды.

UFC 254 турнирі 24 қазан күні Абу-Дабиде өтеді. Сергей Морозов аталмыш кеште ресейлік Умар Нурмагомедовпен жұдырықтасады.

Сондай-ақ UFC 254 турнирінде Шавкат Рахмонов жекпе-жек өткізеді.