«Барыс» хоккей клубы ҚХЛ аясында Қазанда «Ак Барс» командасымен кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

«Ак Барс» Шығыс конференциясында үздік нәтиже көрсетіп жүр. 17 матчта 25 ұпай жинап, «Автомобилист» және «Авангардпен» бірге турнирлік кестеде көш бастап келеді. Ал «Барыс» 11 ойында 13 ұпай ғана жинап, 9-орынға жайғасқан.

Қазақстандық клуб биылғы маусымда тұрақсыз өнер көрсетіп жүр. Бірде жеңіске жетеді, бірде жеңіліп қалады: «Спартак» (2:3) пен «Салават Юлаевті» (2:3) жеңді, ал «Северсталь» (2:3) мен «Автомобилисттен» (3:2) жеңілді.

«Ак Барс» - «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 22:30-да басталады. Ойынды мына сілтеме арқылы көруге болады.