«Астана» ерлер клубтары арасындағы су добынан Ресей чемпионатына (Суперлига) қатысып жатыр. Елордалықтар «Спартак-Волгоград» командасына қарсы өткен екінші матчта да жеңіліс тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астана» турнир кестесінің көшбасшысынан 6:10 есебімен жеңіліп қалды. Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын Нұр-Сұлтан клубы «Спартак-Волгоградтан» 2:9 есебімен жеңілген болатын.

Ресей чемпионаты (Суперлига), ерлер:

«Астана» (Қазақстан) – «Спартак-Волгоград» (Россия) – 6:10 (2:2, 0:3, 1:2, 3:3).