14 қазанда Минскіде Kold Wars 2 кәсіпқой бокс кеші өтеді, оған қазақстандық боксшылар Асқат Жантұрсынов (4-0, 3 КО) және Жандос Қыдырәлиев (1-0, 1 КО) қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Асқат Жантұрсынов бірінші ауыр салмақ дәрежесінде беларусьтық Руслан Родзивичпен (15-29, 14 КО) жұдырықтасады. Жандос Қыдыралиев бірінші жартылай орта салмақта Беларусь боксының тағы бір өкілі Арсений Кобзевпен (0-1) кездеседі.

Қазақстандық бокс жанкүйерлері боксшыларымыздың кездесуін «Хабар» телеарнасы эфирінен тамашалай алады. Тікелей эфир Нұр-Сұлтан уақытымен 23:15-те басталады Сілтемесі - мінекей.

Фото: Goodfon.com