Whoscored.com порталы 14 қазаннан 15-не қараған түні УЕФА Ұлттар лигасы аясында Минскіде өткен Беларусь пен Қазақстан құрамалары арасындағы матчқа қатысқан футболшыларға баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында Қазақстан құрамасы ойыншыларының орташа ұпайы 6,37 (он балдық шкала бойынша) болды. Жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген ең жоғары ұпай (7.1) алды, Абат Айымбетов, Айбар Жақсылықов және Исламбек Қуат ең төменгі ұпайға ие болды - әрқайсысы 5,9.

Беларусь құрамасы ойыншыларының орташа ұпайы 6,97 ұпай болды. Стас Покатиловқа қақпасына соғылған алғашқы голдың авторы Евгений Яблонскийдің (8.7) ойыны басқалардан жоғары бағаланды.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Беларуссия құрамасынан 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Фото: Whoscored.com