«Арсеналдың» ойыншысы Месут Өзіл Таулы Қарабақтағы қақтығыс туралы пікірін айтты.

– Мен үшін әлем Таулы Қарабақ заңды түрде және халықаралық деңгейде Әзірбайжанның бөлігі деп танылғанын білгені маңызды.

2008 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Әзірбайжанның аумақтық тұтастығын растайтын резолюция қабылдап, Армения әскерінің кетуін талап етті. Сол үшін бәрін БҰҰ-ның шешімін сақтауға шақырамын, - деп жазды Өзіл твиттерде.