Қазақстанның тумасы Евгений Бухмюллер (16-6, 13 КО) мен түрік Энгин Солмаз (7-48-3, 5 КО) Германияда шаршы алаңға шықты.

Сегіз раундқа жоспарланған ауыр салмақтағы жекпе-жек Евгенийдің жеңісімен аяқталды. Ол үшінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді.

Осылайша, Бухмюллер мансабындағы 17-ші жеңіске жетті, ал Солмаз 49-шы жеңіліске ұшырады. Екі боксшы да ардагер: Бухмюллер 40 жаста, Солмаз 48 жаста. Евгений (Евгений есімінің неміс нұсқасы)

Бухмюллер Жаңғысқұдықта туылған, бала кезінле отбасымен Германияға көшіп кеткен.