Үстел теннисінен неміс бундеслигасында кезекті тур аяқталды.

Өкінішке қарай, Кирилл Герасименко сынға түсетін «Вердер» чемпионат көшбасшысына есе жіберді.

Бремендіктер Дюссельдорфтың «Боруссия» командасына қарсылық көрсете алмай, 0:3 есебімен ұтылды.

Қазақстандық Кирилл Герасименко Антон Келлберге 0:3 есебімен жол берді. Бүгінде "Вердер" командасы турнир кестесінде 9-ы орында келеді.