Үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Фируза Шарипова келесі жекпе-жегінің өтетін күнін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді.

«30 қазанда Мәскеуде жекпе-жек өткіземін. Жақын арада өзге мәліметтерді жариялаймын», - деп жазды Фируза.

Айта кетейік, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Шарипованың келесі қарсыласы 32 жастағы сербиялық Сара Марьянович болады деген ақпарат тараған болатын.