Азия гандбол федерациясы құрлықтық турнирлердің өту мерзімі өзгертті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Атап айтар болсақ, гандболдан биыл өтуі тиіс 18-і Азия біріншілігі 2021 жылдың сәуір айына ауыстырылды.

Жастар мен жасөспірім қыздар арасындағы құрлық бәсекесі де келесі жылға қалды.

Сондай-ақ, ерлер клубы арасындағы Азия біріншілігі де 2021 жылы өтеді.