Ұлттар лигасының 3-турындағы Армения - Грузия матчы 2:2 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Армениялықтар сапынан Хорен Байрамян мен Генрих Мхитарян көзге түссе, грузиялық құрамадан Ника Качарава мен Торнике Окриашвили гол соқты.

Бұл ойынға Қазақстан Премьер-лигасында ойнайтын алты футболшы қатысты. «Шахтерде» ойнайтын қақпашы Давид Юрченко, «Қайрат» жартылай қорғаушысы Камо Оганесян мен «Астана» хавбегі Тигран Барсегян Армения намысын қорғады.

Ал Грузия құрамасы сапында «Тобыл» жартылай қорғаушылары Джаба Канкава мен Ника Квеквескири және «Қайсар» шабуылшысы Элгуджа Лобжанидзе ойнады.