Бүгін Ұлттар лигасының 3-туры аясында Алматыда Қазақстан мен Албания құрамалары ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Албания Литвадан күтпеген жеңіліске ұшырағаннан кейін С4 тобындағы күтпеген жерден өзгеріп шығам келді. Ұлттық құрамамыз да өз алаңында Беларусьтен жеңіліп, "тосынсый" жасады. Енді бұл квартетте барлық командада бір жеңіс пен бір жеңіліс бар, демек 4 команданың да топ бастауға мүмкіндігі тең.

Қазақстан мен Албания бұған дейін 2006 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезінде кездескен. Екі ойын да Албанияның жеңісімен (0:1 және 1:2) аяқталды.

Ұлттар лигасы аясындағы Қазақстан - Албания матчы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де өтеді. Матчты мына СІЛТЕМЕДЕН тамашалауға болады.