Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдуға Nike компаниясы эксклюзивті бутс жасады, деп хабарлайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футбол аяқ қиімі "CR100" деп аталады. Ол Роналдудың ұлттық құрамасы сапында соққан 100-голының құрметіне арнайы жасалған.

Атақты шабуылшы Ұлттар лигасы аясында Францияға қарсы ойында осы бутспен олйнайды.

35 жастағы Роналду Португалия құрамасы сапында 2003 жылдан бері ойнайды. Ол осы уақыт ішінде 100 гол (166 матч) соққан.