Бүгін Құрлықтық хоккей лигасы аясында «Барыс» өз мұз айдынында Екатеринбург командасы «Северстальмен» ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

2018 жылдан бастап командалар бір-бірімен 4 ойын өткізді және барлығында «Барыс» жеңіск жетті. Нұр-Сұлтан клубы оларды жалпы 15:5 есебімен жеңді. Командалар бір мәрте ғана жеңімпазды анықтау үшін овертаймға жүгінген.

Карантиннен кейін «Барыс» екі ойын өткізді. Батыс конференциясы көшбасшыларының бірі СКА-ны (3:2) өз алаңында жеңді. Автомобилистке есе жіберді (2:3). Қазір қазақстандық клуб 8 ойында 9 ұпаймен Шығыс конференциясында 10 орында тұр.

«Северсталь» командасының соңғы бес матчтың екеуін ұтқан. Үш ойында қарсыласына есе жіберген.

«Барыс» - «Северсталь» матчы «Барыс Аренада» Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-ге жоспарланған. Ойын QazSport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.