«Эвертона» шабуылшысы Доминик Кэлверт-Льюин АПЛ-дың қыркүйек айындағы үздік ойыншысы болып танылды, деп хабарлайды Prosports.kz лиганың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 4 ойында 6 гол соққан.

Аталған марапатқа үміткерлер: Патрик Бэмфорд («Лидс»), Хамес Родригес («Эвертон»), Тимоти Кастань, Джейми Варди (екеуі де - «Лестер»), Харри Кейн («Тоттенхэм»), Тарик Лэмпти («Брайтон») және Садио Мане («Ливерпуль»).