«Автодор» баскетбол клубы ВТБ Біріккен Лигасы аясындағы «Астанаға» қарсы өтетін матчтың кейінге қалғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«ВТБ Біріккен Лигасы тұрақты чемпионатындағы «Автодор» - «Астана» 22 қазанға ауыстырылды, ал «Астана» - «Автодор» матчы Қазақстан астанасында 2021 жылдың 31 қаңтарында өтеді.

ВТБ Біріккен Лигасының дирекциясы күнтізбені оңтайландыру мақсатында Чемпионат регламентінің 30.1 бабына сәйкес екі матчты да кейінге қалдырды», - деп жазды «Автодордың» баспасөз қызметі.