Нұр-Сұлтанда футзалдан Қазақстан кубогының бірінші жартылай финал матчы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Аят» пен «Ақтөбе» кубок финалына өту үшін жан алысып, жан берісті.

Ақтөбеліктер сапынан Клочко, Витао және Деолар көзге түссе, рудныйлықтар Марселоның арқасында есеп айырмасын сәл қысқартты. Есеп 3:1.

«Ақтөбенің» қарсыласы «Қайрат» - «Жетысу» матчында анықталады.

Фото: instagram.com/futsalkazakhstan