Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) Лас-Вегасқа барды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы ол Twitter желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.

Айта кетейік, Жәнібек 10 қазанда аргентиналық Гонсало Кориямен (16-3, 6 КО) жекпе-жек өткізеді. Бұл кездесуде ол WBO Global және WBC Continental Americas титулдарын қорғайды.