Германияда бір күндік "Стрела Брабанта" веложарысы өтті. Оған Astana Pro Team велошабандоздары да қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық команданың бес өкілі арасында Омар Фраиле ғана үздік нәтиже көрсетті. Испаниялық велосипедші мәреге 23-ші болып жетті.

Жарыста франциялық спортшы Жюлиан Алафилипп (Deceuninck - Quick Step) жеңіске жетті.

"Стрела Брабанта" (197 шақырым):

  1. Жюлиан Алафилипп (Deceuninck - Quick Step) – 4:36:52
  2. Матье ван дер Пул (Alpecin-Fenix)
  3. Бенуа Коснефрой (AG2R La Mondiale)

…23. Омар Фраиле (Astana Pro Team) - +0:28

…99. Даниил Фоминых (Astana Pro Team) - +7:05

…110. Евгений Гидич (Astana Pro Team) - +10:10

…Лауренс Де Вриз (Astana Pro Team) – мәреге жеткен жоқ

…Никита Стальнов (Astana Pro Team) – мәреге жеткен жоқ