Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің ағасы Максим Головкин өзінің инстаграммында «Шахтер» ФК-мен серіктестік туралы келісім жасасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз, «Шахтер» ФК мен GGG @ggg_be_good сусындар бренді арасында серіктестік туралы келісімге қол қойдық, ол Қарағанды ​​клубының ресми серіктесі атанды. Ынтымақтастығымыз жемісті және табысты болады деп сенемін!

«Шахтерге» Қазақстан чемпионатында сәттілік тілейміз!!!», - деп жазды Головкин.

Енді команданың формасы мен автобусы GGG логотипімен безендірілетін болады.