Kozhakhmet_inside Телеграм-каналының авторы Айдин Кожахметтің айтуынша, «Астана» футбол клубы атқарушы директор Пол Эшуортпен ынтымақтастықты тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Пол Эшуорт Астанадан кетті Күні кеше ол бас жаттықтырушының міндетін атқарушы, ал бүгін атқарушы директор қызметінен босатылды», - деп жазды Қожахмет. Әзірге бұл ақпарат ресми расталмады.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қазанда кейінге қалдырылған Қазақстан чемпионатының 6-тур матчында «Астана» алматылық «Қайраттан» 0:3 есебімен жеңіліп қалды.