Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов бос тұрған IBF Intercontinental жартылай орта салмақтағы белбеуі үшін Джулиус Индонгомен жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шайқасты DAZN стримингтік қызметі ресми түрде жариялады. Бокс кеші 27 қарашада АҚШ-тың Флорида штатында, Голливудта өтеді деп күтілуде. Индонго бірінші жартылай орта салмақта IBF, IBO және WBA (Super) титулдарын иеленді. Еншісінде 23 жеңіс пен 2 жеңіліс бар.

Елеусінов осы күнге дейін өткізген 9 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жеткен. Бес кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтың соңғы жекпе-жегі 2019 жылдың желтоқсанында өткізіп, АҚШ өкілі Алан Санчесті нокаутқа жіберді.

Айта кетейік, 9 қазан күні тағы бір қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста аргентиналық Гонсало Кориамен жұдырықтасады.

Бүгін түнде 27 жастағы жерлесіміз Дәулет Дәукенов Минск қаласында украин Назри Рагимовты жеңіп, WBA Asia белбеуіне қол жеткізді.