Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясындағы ойындарға дайындықты бастады, деп жазады Prosports.kz.

Футболшылар Талғардағы оқу-жаттығу жиынында бас қосты. Жиынға шақырылған футболшылардың барлығы дерлік жиналды. Абзал Бейсебеков пен Марат Быстров команданың қатарына ертең қосылмақ.

11 қазан күні біздің футболшылар Албанияны қабылдайды.

Ал, 14 қазаннан 15 қазанға қараған түні сырт алаңда Беларусьпен ойнайды.

ҚФФ баспасөз қызметі дайындаған видеоматериалдан бас бапкер Михал Билек, команда капитаны Бауыржан Исламхан және жартылай қорғаушы Владислав Васильевтің сұхбатын көре аласыздар.