Қазақстандық футболшы Савелий Глазунов алдағы маусымды Беларусь чемпионатында өткізеді.

«Қайрат» клубының түлегі Беларусьтің «Белшина» командасына ауысты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

Айта кетейік, 19 жастағы футболшы Қазақстанда «Қайраттың» жастар құрамында ойнап, артынша Екінші лигада «Оңтүстік Академия-Ж» командасында доп тепті.