5 қазанда футзалдан Қазақстан кубогы басталды. «Б» тобында «Ақтөбе» «Атырауды» 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аршат Сәтжан мен дубль авторы атанған Део ақтөбеліктерге жеңіс сыйлады.

6 қазанда «Ақтөбе» Ақтаудың «Каспийімен», ал «Атырау» алматылық «Қайратпен» кездеседі.