World Triathlon атқарушы комитеті 2021 жылғы маусымға арналған жаңа күнтізбені бекітті, деп хабарлайды Olympic.kz.

2021 жылдың 1-2 мамырында Қытайдың Чэнду қаласында World Triathlon Series кезеңі өтеді. Аталған сында спортшылар спринеттен сынға түседі.

2021 жылдың 15 мамырында Жапониядағы World Triathlon Series турнирі өтеді.

Азиялық спортшылардың алыс елдерге қатынауына жол бермеу үшін World Triathlon атқарушы комитеті 8-9 мамыр күндері Жапонияның Осака қаласында әлем кубогі кезеңін өткізу туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ, 2021 жылдың 2 қазанында World Triathlon атқарушы комитеті дуатлоннан әлем чемпионатын ұйымдастырады.