Бокстан Қазақстан командасы жаттығу жиындарын аяқтауға жақын. Бас бапкер Ғалымбек Кенжебаев карантиннен кейінгі дайындық кезеңін қорытындылады.

- Жаттығу жиындары спортшылар үшін сәтті өтті. Боксшылардың барлығы бірлесіп дайындалатын кезді асыға күткен. Санитарлық талаптарды түгелімен сақтадық. Жігіттер жаман емес. Көпшілігі спорттық бабын сақтаған.

Әрине, жарыстың жоқтығы әсер етеді. Өйткені, қанша жерден спаррингтік кездесулер өткізсек те, шетелдік қарсыластың, турнир атмосферасының рухы бөлек.

Осы орайда, ведомстворалық комиссияға хат жазып, жарысқа қатысу және бірлескен жаттығу жиындарын өткізу туралы өтініш білдірдік. Спортшыларға жарыс өте қажет, - дейді бас бапкер.