Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушылары Рамазан Оразов, Артем Попов және Дамир Марат Еуропа Чемпионаты іріктеу кезеңінің кезекті матчтарына қатыса алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үш ойыншы да жарақатына байланысты командаға қосылған жоқ. Оларды Сұлтан Сағнаев (Астана) пен Наурызбек Жагоров (Екібастұз) алмастырады.

Еске сала кетейік, Қазақстанның жастар құрамасы 8 қазан күні ЕURO 2021 іріктеу турнирі аясында өз алаңында Солтүстік Македония құрамасымен ойнайды.

Ал 13 қазанда Алмас Құлшынбаев шәкірттері сырт алаңда Испания құрамасымен кездеседі.

Қазір Қазақстан жастар құрамасы Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Фото: Kff.kz.