Абу-Дабиде (БАӘ) аралас жекпе-жектен UFC Fight Island 4 турнирінің екінші басты шайқасында Кабо-Верде елінің өкілі Йорган де Кастро мен бразилиялық Карлос Фелипе ауыр салмақ санатында төбелесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қарсыластар сегіз бұрышта жекпе-жекке бөлінген үш раундты да өткізді. Шайқас соңында төрешілер бірауыздан жеңісті бразилиялық спортшыға берді - 30:27, 30:27, 30:27.
Осы жекпе-жектен кейін Фелипеде 9 жеңіс пен 1 жеңіліс, де Кастроның есебінде - 6 жеңіс және 2 жеңіліс.
Комментарии